қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.04.2021

Халықаралық педагогикалық кездесудегі тәжірибе алмасу

 

2021 жылғы 23 сәуірде Халықаралық педагогикалық кездесудің кезекті отырыс өтті. Бұл жолы педагогтар мен студенттерге Пермь қаласының №33 мектебі бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің оқытушылары Скрипова Юлия мен Шабалина Ольга кездесуге жауапты болды. Бастауыш мектептегі қашықтан оқыту бойынша мәселелерді талқылауға тек біздің университеттің оқытушылары мен студенттері ғана емес, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті өкілдері мен Алматы, Бийск, Пермь, Қапшағай қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері де қатысты.

 

Логинова Елена мен Якупова Наталья қашықтан оқыту жағдайындағы сингапур әдістемесін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Парашина Елена онлайн режимінде ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері жайлы әңгімеледі. Гладких Елена мен Вачегина Наталья кіші мектеп жасындағы оқушылардың қатысымдық біліктерін қалыптастыруға арналған «Төңкерілген сынып» моделінің мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Тәжірибелерімен бөліскен спикерлер тек теориялық мәселелерге ғана көңіл бөлмей, ең бастысы, тәжірибеден көптеген мысалдар келтірді. Тыңдаушыларға барлық сөз сөйлегендердің тәжірибелері ұнады. Конференцияның чатына кездесу жұмысына шын жүректен алғыстар айтылып, ілгеріде де ынтымақтастықты жалғастырудың қажеттігі жайлы жазылып жатты.

 

Халықаралық педагогикалық кездесуді ұйымдастырушы - Рябова Е.В.