Main
News
30.04.2021 Қоғамды цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін педагогтарды даярлау жүйесін әзірлеу
2021 жылдың 28-29 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білімді ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелерінің халықаралық ғылыми зертханасы «Қоғамды цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін педагогтарды даярлау жүйесін әзірлеу» халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар-дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты - жаңа цифрлық технологияларды талдау және оларды қеңінен пайдалану дәуіріндегі жастарға тән ерекшеліктерді талдау негізінде Қазақстан Республикасында қоғамды цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге болашақ мұғалімдер - студенттерді дайындаудың республикалық педагогикалық ЖОО-ға арналған моделін жасап, сынақтан өткізу.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар-дөңгелек үстелдің модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ білімді ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелері Халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі Е. Ы. Бидайбеков болды.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар-дөңгелек үстел спикерлері болған ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Т. О., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Григорьев С. Г., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің цифрлық білім беру институтының білім беруді ақпараттандыру департаментінің бастығы Гриншкун В.В., Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Пак Н. И., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің цифрлық білім беру институтының білім беруді ақпараттандыру кафедрасының профессоры Заславская О. Ю., Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Босова Л. Л., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Ошанова Н. Т., профессор м.а. Камалова Г. Б., «Digital Experts Group» АТ-компаниясының стартап директоры және негізін қалаушы, профессор Нурбекова Ж. Қ, аға оқытушы Құрманғалиева Н.А., профессор м.а. Конева С. Н., докторант Жабаев Е.Х.
Іс-шараға кафедраның магистранттары, докторанттары және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
|