қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.04.2021

«Сыбайлас жемқорлық-балалар көзімен» үздік балалар суреті конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

 

2021 жылғы 26 сәуірде «Сыбайлас жемқорлық-балалар көзімен» үздік балалар суреті конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн форматта жалғасын тапты.

 

Марапаттау рәсімін Тәрбие, әлеметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Қазына Бекбенбетова ашып, конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау барысына тоқталып өтті. Одан әрі байқау жеңіпаздарын марапаттап, барлық қатысушылар мен ата-аналарға алғысын жеткізді.

 

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сертификатпен және университет ректорының дипломымен марапатталды. Бас жүлде иегеріне 40 000 теңге, І орын иегеріне 35 000 теңге, ІІ орын иегерлеріне 25 000 теңге, ІІІ орын иегерлеріне 15 000 теңге, ынталандыру сыйлығы иегерлеріне 10 000 теңге ақшалай сыйақы берілді.

 

Аталмыш конкурс Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, «Парасат» ортылығы мен университетіміздің қызметкерлер Кәсіподағы ұйымы бастамасымен өтті.

 

Барлық қатысушылар мен ата-аналар және ұйымдастырушылар атынан университетіміздің ректоры Такир Балықбаевқа және қаржылық қолдау көрсеткен қызметкерлер Кәсіподақ ұйымына өз алғысымызды білдіреміз.

 

   

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент