қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.05.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты - Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпазы

 

2021 жылдың 11 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру инcтитутының магистранты V Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпазы дипломымен марапатталды.

 

2021 жылғы 20 наурызда Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде И.Я.Яковлев атындағы Чуваш мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей) бірлесіп ұйымдастырылған «Ғылым әлемі: филология, лингводидактика және аударматану мәселелері» студенттер, магистранттар және аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының V Халықаралық конкурсы өтті.

 

«Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенті Насибуллина Зульфира филология ғылымдарының докторы, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры А.Қ.Жұмабекованың ғылыми жетекшілігімен дайындалған «Ағылшын тіліндегі ғылыми дискурсты орыс тіліне аудару ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, «Жаһанданудағы аударма ісі» секциясында 1 орынға ие болды.

 

Магистрант пен оның жетекшісін жеңіспен құттықтаймыз!

 

   

 

   

 

Ғылым департаменті