қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.05.2021

Міндетті үшжылдық еңбек өтемі

 

2021 жылғы 19 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Міндетті үшжылдық еңбек өтемі» тақырыбында 1-4 курс бакалавриат студенттерімен АҚ «Қаржы орталығының» маманы Серікқали Ақзирамен кездесу өткізді.

 

Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Хайрулла Жанбеков, Мансап орталығының жетекшісі Гүлира Усеин қатысты. Кездесуде Хайрулла Жанбеков мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттер үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті.

 

Кездесу барысында Ақзира Серікқали студенттерге үшжақты келісім шарт жайында және мемлекеттік грант, ауыл квотасының өтемі туралы толық ақпарат берді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы соңғы өзгерістермен таныстырды. Студенттер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы №390 Қаулысына байланысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік грант өтемінен қандай жағдайда босатылатыны жайлы ақпарат алды.