қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1 орынды иеленді

 

2021 жылғы 3 маусымда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша Тәуелсіз агенттігітің (БСҚБТА) сайтында және «Казахстанская правда» республикалық газетінде Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі - 2021 нәтижелері жарияланды.

 

Ұлттық институционалдық рейтинг көп өлшемді болып табылады және бес құрамдас бөліктен тұрады: жоғары оқу орнының академиялық қызметін бағалау және сарапшылардың, жұмыс берушілердің, студенттер мен түлектердің беделді бағалары. Жоғары оқу орындарының академиялық қызметі 7 индикатордан тұрады: 1 - студенттер контингенті; 2 - студенттерді оқыту нәтижелері және білім беру бағдарламаларының саны; 3 - профессор-оқытушылар құрамы; 4 - ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс; 5 - халықаралық ынтымақтастық; 6 - ақпараттық қамтамасыз ету; 7 - түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың жетістіктері нәтижелері.

 

Осы рейтингтік зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ ҚР педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды иеленді (2020 жылы-1орын).