қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ институттары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған Жазғы мектеп


2021 жылғы 14 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде институт директорлары институт директорларының орынбасарлары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: жоғары педагогикалық білім беру тәжірибесі мен мәселелері» Жазғы мектебі өз жұмысын бастады.

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов жазғы мектептің ашылуымен құттықтап, білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың негізгі мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында университет проректорлары Ақтолқын Қүлсариева, Жанатбек Шпекбаев, Саябек Сахиев, қатысушыларды Жазғы мектептің басталуымен құттықтап, жаңа оқу жылындағы жетістіктермен және міндеттермен таныстырды.

Білім беру бағдарламасын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина онлайн оқыту мәселелері мен проблемаларын шешу және жаппай ашық онлайн-курстар (ЖАОК) құру, бағалау модельдері мен критерийлері туралы ақпарат берді. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» бойынша өзгерістер мен толықтырулармен таныстырып, талқылауға ұсынды.


PhD Докторант, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Нұргелді Әбеу цифрлы сауаттылық туралы, қашықтан және офлайн оқыту форматында қолдануға тиімді платформалар құру туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Спикер PresentationTube, supa, class flow, udoba zipgrade, quizalize, learningapps платформаларымен жұмысты онлайн форматта ұйымдастырудың тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетті.

Бұл семинарға институт директорлары мен директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. Сессия соңында университетің жұмысын ұйымдастырудың және оларды жүзеге асыру жолдары талқыланып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.