қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ институттары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін талқылады


2021 жылғы 17 маусымда «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: жоғары педагогикалық білім беру тәжірибесі мен мәселелері» Жазғы мектебі өз жұмысын жалғастырды.


ЮНЕСКО-ның білім беру және мұғалімдерді дайындау кафедрасының меңгерушісі Анар Танабаева сессия тыңдаушыларына «Тұрақты даму және жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу мүддесінде білім беру: негізгі факторлар» тақырыбында баяндама жасады. Сессияға қатысушылары - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы әлемдік азаматтық идеяларымен танысты, педагогикалық қызметте негізгі қағидалар мен құндылықтардың тұрақты даму мақсаттарын пайдаланудың маңыздылығын талқылады, студенттерді бейбітшілік мәдениетіне тарту тәжірибесін қарастырды.


Келесі сессия жұмысын Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова, құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев, университет профессоры Жанна Хамзина жүргізді. Сессияда «ҚР БҒМ гранттары бойынша ғылыми жобалар конкурстарына өтінімдер дайындау» тақырыбы талқыланды. Тыңдаушылар - институт директорларының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, докторанттардың ғылыми жетекшілері - баяндама тақырыбына қызығушылық танытып, ғылыми жобалар конкурстарына өтінімдер дайындау рәсімі бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. ҚР БҒМ ғылыми жобаларына әр түрлі орындау мерзімдері, құжаттарды толтыру форматтары, өтінімдердің қаржылық бөлігін толтыру ерекшеліктері, әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша өтінімдердің ерекшеліктері бойынша өтінімдерді ресімдеу мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.