қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.08.2021

Ынтымақтастық туралы Меморандумға
қол қою рәсімі


2021 жылдың 6 тамызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев пен «Абай атындағы ҚазҰПУ» Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Іс-шара барысында Болат Сәрсенбаев орталықтың жетекші әлемдік және отандық білім беру мекемелерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен және сарапшылармен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - ұлттық ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, ол жоғары кәсіби педагогтарды ғана емес, сонымен қатар әр түрлі ғылыми бағыттағы жас ғалымдарды дайындаумен айналысатынын баса айтты.


Атап айтқанда, Болат Сәрсенбаев Дархан Біләловты ҚазҰПУ ректоры қызметіне кірісуімен құттықтап, оған Н.Назарбаев орталығының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шаралар кешенін жүзеге асыруы, 2021 жылғы Съез Хатшылығының ХІХ отырысы мен 2022 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жоспарлары туралы хабардар етті.


Өз кезегінде «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруға, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.


Кездесуге университет ректорының кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаев және Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысып, жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында университетте атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.


Кездесу барысында конфессияаралық келісімді орнатуда тиімді шешімдер табуға бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілетудегі Н.Назарбаев орталығының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.


Алдағы уақытта Орталық пен Университет конфессияаралық және этносаралық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісін халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша халықаралық конференциялар, тақырыптық көрмелер ұйымдастыруды сынды ортақ жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті. Сонымен қатара, тараптар Орталық базасында университеттің студенттері мен магистранттары үшін кәсіби тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастырып, академиялық ынтымақтастықты дамыту бағытында нәтижелі жұмыстарды жүргізетін болады.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндег департамент