қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.08.2021

«Педагогтік қайта даярлау» курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Педагогтік қайта даярлау» курсын ашты. Курс елдегі педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігін жоюға, сапалы мамандар даярлауға бағытталған. «Педагогтік қайта даярлау» курсының 1-ші және 2-ші кезеңдері аяқталып, 2021 жылдың 13 тамызында оның тыңдаушыларына сертификаттар табысталды.


Курстар барысында мұғалімдер әр түрлі әдістерді, жаңа білім беру процестерін қолдана отырып, бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті жаңа ұғымдар мен дағдыларды меңгереді. Атап айтқанда, олар жаңартылған білім беру құрылымымен, педагогикалық тәсілдермен және критериалды бағалау жүйесімен танысады. Тиімді стратегияларды қолдану арқылы мұғалімдер әртүрлі тақырыптағы тапсырмаларды орындайды.


Бүгінде педагог кадрларды даярлаудағы білім берудің жаңа моделі халықаралық деңгейге кезекті қадам бола отырып, жаңа талаптар қояды. Осыған байланысты курс тыңдаушыларына олардың әрі қарайғы практикалық қызметінде пайдалы болатын жаңа өзгерістер мәнінің маңыздылығы жеткізіледі. Ол дегеніміз, оқушыға деген жаңа көзқарасты қалыптастыру, қолайлы жағдайлар жасау және әр баланың табиғи қабілеттерін дамытуға үнемі назар аудару, сонымен қатар мұғалімнің оқу процесіндегі орны мен рөліне деген жаңа көзқарасы.