Main
News
16.11.2016 «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ІЗІМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйымдастыруымен «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты студенттік апталық аясында 2016 жылдың 14 қарашасы күні Алматы қаласының мәдени-тарихи ошақтарына саяхат жүргізілді. Шараның басты мақсаты 1 курс студенттерін қаламыздың тарихи-мәдени орындарымен таныстыру, олардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту болып табылады. Ауылдан үлкен қалаға білім алуға келген жас студенттің қала өмірінің тынысына қысқа уақытта беймделіп кетуі оңайлыққа соқпайды. Себебі магиполистегі ақпараттың көптігі сонша, жастар сол ақпараттардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ой елегінен өткізе алмай және өзіне қажеттісін таңдай алмай жататындығы анық. Осы орайда білім алып жатқан оқу орны жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, дербес өмірге бейімдеулеріне үлкен септігін тигізеді. Әрбір білім ордасы жас ізденушілерді оқытып қана қоймай, оның тәрбиесіне соның ішінде тұлғалық мәдениетін, әдептілік пен ізеттілік қасиеттерін арттыруға аса мән берулері қажет. Жасыратыны жоқ, қазіргі ақпараттық технологиялар заманында қаншама жастарымыз театр, мұражайлар мен тарихи орындарға барудың орнына ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жүргені анық. Осы орайда, университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитеттің бастамасымен биылғы жылы университет табалдырығын жаңадан аттаған 1 курс студенттерін әсем қаламыздың көрнекі жерлерімен таныстыру мақсатында «Ұлы Жібек Жолы ізімен» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат Тұңғыш Президент саябағынан бастау алып, одан әрі еліміздің ең алғашқы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драмалық театрында жалғасып, «Ғылым ордасында» орналасқан Қаныш Сәтпаев атындағы мұражайында өз мәресіне жетті. Қызыққа толы, әрі берері мол, тағылымдық шараға қатысқан университетімізден 50-ге жуық 1курс студенттері өздеріне рухани азық алып, қала және ел тарихынан білімдерін тереңдете түсті. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
|