Main
News
24.09.2021 ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов ЖОО және еліміздің ҒЗИ басшыларымен жиын өткізді
2021 жылы 24 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен жиын өтті.
Күн тәртібінде жоғары оқу орындары мен ғылыми -зерттеу институттарының қызметіне қатысты мәселелер қаралды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүргізген аудит нәтижелері бойынша анықталған негізгі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар, жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйесі туралы мәліметтер, жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі, педагогикалық қызметкерлер мен студенттерді вакцинациялау барысы, оқу құжаттарының цифрлық форматқа көшуі және басқа да мәселелер талқыланды.
Ғылыми-зерттеу институттарының басшылары ғылыми ұйымдардың жағдайы мен даму болашағы, ғылыми кадрлардың сапалық және сандық құрамы, жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастыру туралы ақпарат берді. Сонымен қатар МҒТС жүргізу үдерісіндегі негізгі өзгерістер, Web of Science деректер базасының үш негізгі индексінен (SCIE, SSCI, AHCI) журналдарда ҒЗИ жариялаған мақалалар санының өсуі талқыланды. Журналдардың қызметі және ҒЗИ материалдық-техникалық базасын жаңғырту туралы да сөз болды.
Асхат Аймағамбетов барлық баяндамашыларды тыңдап, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ басшыларына анықталған мәселелерді жою және саланың ең өзекті мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. ҚР БҒМ жобалары мен бағдарламаларының іске асырылуын бақылау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
|