Main /
Mass media about us
29.09.2021 Абай университетінің оқытушылары БАҚ арқылы тегін заң көмегін берді
Кеше, 28 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Гакку «Тәлім ТВ» арнасының «Маңызды мәселе» бағдарламасында «Сот шешімімен келіспеймін» тақырыбында тікелей эфирде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сұхбаттасып, телекөрермендердің қордаланған сауалдарына жауап берді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заң көмегін беру жобасы ай сайын өз жалғасын тауып, «Құқықтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы барлық құқық салалары бойынша тегін ақпарат беріп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектесетін игі іс болмақ.
29.09.2021 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com
|