Main
News
01.10.2021 «Тілдік парадигмалардың коммуникативтік негізі» республикалық онлайн-конференция өтті
2021 жылдың 30 қыркүйегінде ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығы және Филология мен көптілді білім беру институтының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын талқылауға қатысты еліміздегі оқу-білім мәселелеріне арналған «Тілдік парадигмалардың коммуникативтік негізі» атты республикалық онлайн-конференция өтті.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 1. Тілдік парадигмалар - ұлттық бірегейлік пен мәдени әлеуетті нығайтудың коммуникативтік жүйесі. 2. Коммуникативтік тіл білімінің педагогика, психолингвистика, әлеуметтану салаларымен байланысы. 3. Тілдік коммуникация парадигмалары: айтылым мен жазылым әрекеттері. 4. Тілдік коммуникация және ауызша әдеби тіл нормалары. 5. Тілдік коммуникация кеңістігіндегі латынәліпбилі жазылым. 6. Коммуникация теориясына негізделген айтылым мен жазылым үдерістерін меңгерту әдістемесі.
Шара барысында Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры Жанат Дәулетбекова; профессор А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Құралай Күдеринова мен «Тіл мәдениеті» бөлімінің меңгерушісі Нәзира Әміржанова; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Тыныштық Ермекова;Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Картаева және Павлодар қаласы, №41 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Мулькибаева баяндама жасады.
Онлайн-конференцияға мектеп мұғалімдері, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттар, барлығы 100-ге жуық адам қатысып, сұрақтар қойылды, талқылау болды. Қатысушыларға сертификаттар берілді. Конференция жинағы шығады.
|