Main
News
18.10.2021 Erasmus күніне орай ұйымдастырылған онлайн іс-шара
2021 жылдың 15 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық ынтымақтастық департаменті Erasmus Days күніне орай «Еrasmus+: мүмкіндіктер» онлайн іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - Erasmus + бағдарламасына мүмкіндігінше көп студенттер мен мұғалімдерді оқуға ынталандыру. Erasmus + бағдарламасының үйлестірушілерін, қатысушылары мен түлектерін бір платформаға жинай отырып, спикерлер өздерінің жұмыс және білім беру тәжірибесімен әлемнің түкпір-түкпірінен бөлісті, сонымен қатар университеттер арасындағы байланысты нығайтты.
Биылғы жылы COVID-19 пандемиясынан туындаған санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Erasmus + мүмкіндіктері» шарасы онлайн форматта өтті.
Іс -шараға серіктес университеттерден Erasmus + бағдарламасының үйлестірушілері, студенттер мен оқытушылардың арасынан бағдарламаның түлектері, сондай-ақ Польша, Германия, Франция, Болгария, Түркия және де Қазақстан елдерінің Erasmus+ бағдарламасының қазіргі студенттері, қорытындылай айтқанда шамамен 90 адам қатысты.
Іс - шараны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева ашты. Проректор Erasmus+ бағдарламасы аясында ынтымақтастық пен ұтқырлықты дамытудың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар Erasmus + бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ынтымақтастығы мен ұтқырлығына қысқаша экскурс жасады!
Erasmus бағдарламасының үш үйлестірушісі Бартын университетінен Ахмет Йирмибес (Түркия), Мармара университетінен профессор Нури Тиназ (Түркия), сондай-ақ Познан қаласындағы (Польша) Адам Мицкевич университетінің үйлестірушісі Радослав Андрежевский Erasmus + бағдарламасын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Өз университеттерінің қабырғасында студенттердің, оқытушылардың және әкімшілік қызметкерлердің ынтымақтастығы, кіріс және шығыс ұтқырлығы туралы статистикалық мәліметтер берді, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Erasmus + ұтқырлық бағдарламасының түлектері, студенттер мен мұғалімдердің баяндамалары ешкімді бей-жай қалдырмады, іс-шарада қойылған сұрақтар осыған дәлел!
Абай атындағы ҚазҰПУ осы шараға қатысушылардың барлығына үлкен ризашылығын білдіреді!
|