KAZDUAL жобасының #ErasmusDays аясындағы семинарының қорытындысы
«Жоғары және кәсіптік білім берудің заманауи трендтері»
2021 жылдың 16 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да #ErasmusDays Халықаралық күндері және қазіргі жүргізіліп жатқан «KAZDUAL - қазақстанда дуальды жүйені енгізу» халықаралық жобасы, Erasmus+ бағдарламасы аясында «Жоғары және кәсіптік білім берудің заманауи трендтері» онлайн-семинары өтті.
Ұйымдастырушылар - Жұмыс тобы, KAZDUAL жобасының серіктестері және Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті.
Семинардың мақсаты - кәсіпорындардың қатысуымен Қазақстанда дуалды оқытудың перспективаларын талқылау.
Семинарға постдокторант, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан KAZDUAL жобасының үйлестірушісі Баян Сапарғалиева, Ғылым департаменті коммерцияландыру бөлімінің бастығы, жобаның жобалау-техникалық сүйемелдеу жөніндегі негізгі тұлғасы Талгат Игисинов қатысты. Іс-шара қонақтары-спикерлері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры, KAZDUAL жобасының үйлестірушісі Айгуль Искакова, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының бастығы, KAZDUAL жобасының үйлестірушісі Карстина Светлана және Семей электротехникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, KAZDUAL жоба командасының мүшесі Айсулу Молдиярова болды.
Семинарда спикерлер өз жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттерді болашаққа дайындауға бағытталған Дуалды оқыту элементтерінің табысты тәжірибелерімен бөлісті, онда жұмыс берушілерді кадрларды даярлауға тарту басымдық болып табылады. Семинарға қатысушылар кәсіптік бағдар берудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту, кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беруді интернационалдандыру және білім берудің осы екі деңгейі арасындағы алшақтықты жою бойынша ұсыныстар берді. Бұл үшін дуалды оқыту ұлттық және салалық біліктілік аясында және кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізілетін болады. Осыған байланысты пилоттық бағдарламалар стандарттарды қайта қарау үшін қызмет етуі тиіс, өйткені олар көбінесе кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейді.
Қазақстандық жоғары оқу орындары мен колледждер кәсіптік және жоғары білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесін, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін, оларды осы тұрғыда білім беруді қалыптастыру процесіне тартуды зерделеуі қажет, университеттер үнемі өзінің құндылығын дәлелдеуі, барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуы, өзара іс-қимылдың икемді және алуан түрлі тәсілдерін ұсынуы тиіс. Осы іс-қимылдардың жиынтығы білім беру процесін саралауға, инновациялық өсу нүктелерін қалыптастыруға, өнеркәсіп пен білім беру бағдарламалары арасындағы кері байланысты және түлектердің кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтамасыз етуге әкелуі керек.
Абай атындағы ҚазҰПУ-да KAZDUAL жобасы аясында ашылатын обсерваторияда дуалды білім беру саласында оқытушыларды оқыту үшін педагогикалық ғылымды техникалық ғылымдармен интеграциялау мүмкіндігі бойынша зерттеулер жүргізу, әрі қарай жаңа бағдарламалар енгізу немесе оқу бағдарламаларына түзетулер енгізу үшін жобалық оқыту - PBL бөлігі ретінде STEM зерттеу мүмкіндіктері талқыланды. Обсерваторияда педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау құрылымын әзірлеу, жұмыс орнында практикалық тәжірибе алу мақсатында ЖОО және колледж оқытушылары үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары мен тағылымдамаларды ұйымдастыру жоспарлануда.
#ErasmusDays халықаралық күндері аясында онлайн іс-шараға қатысушылар бірқатар вебинар, соның ішінде KAZDUAL жобасы бойынша вебинарлар өткізді. Аталған семинарда 50-ге жуық қатысушы, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер өкілдері болды. Олар KAZDUAL жобасы аясында одан әрі ынтымақтастыққа шақырылды.