Main
News
25.10.2021 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үрдісі
2021 жылдың 11-22 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы PhD докторанттарғатарға «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үрдісін басқару және ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында 80 сағаттық қазақ және орыс тілдерінде қашықтан оқыту режимінде біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курсқа Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Педагогика және психология институттарының докторанттары қатысты.
Орталық оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Белденбаева М.Т. тыңдаушыларды жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін басқару мен ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттармен, тиімді және белсенді оқыту әдістерімен, саралау тәсілдерімен, критериалды бағалаудың жаңа талаптарымен таныстырды.Тәжірибелік сабақтарда өз пәндері бойынша оқу мақсатына негізделген сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін, белсенді оқыту әдістері мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар құрастырып дескрипторлар, кері байланыс пен рефлексия әдістерін жинақтады. Әріптестермен әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда коучинг және тәлімгерлік жұмыстың тиімділігімен танысты. Қашықтан білім берудің заманауи трендтері: e-learning, u-learning, m-learning, smart-learning, fleeping-learning және оқу процесінде GoogleDrive «бұлттық технология» қосымшаларын пайдалана отырып жоғары сапалы байланыс және құжаттаманы жүргізумен машықтанды.
Курс соңында тыңдаушылар тарапынан курста қарастырылған тақырыптардың өзектілігінің өз зерттеу тақырыптарымен байланыстылығын және мектептегі тәжірибесі үшін тың ақпараттармен қамтамасыз етілгендерін ерекше атап өтіп, алғыстарын білдірді.
|