қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.10.2021

 

Құрметті әріптестер!

 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, көп жылдық тарихы, бай тәжірибесі бар және Қазақстанда ғылым мен білім беру саласында нағыз жоғары санатты мамандарды даярлаудың кепілі болып табылатын Университетіміздің дамуына белсенді атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің жеткен әр жетістігіміздің барлығы Сіздердің арқаларыңызда!


Академиялық адалдықты ұстана отырып, сенім, құрмет, әділдік және бір-біріне деген жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып, ортақ шаңырағымыздың дамуына қосқан үлестеріңіздің құндылығын атап өткім келеді.


Өздеріңіз білетіндей, біз университет институттарының кафедра меңгерушілері лауазымдарына бос орындарға конкурс жариялаған болатынбыз.


Әр қызметкердің бос лауазымға өтініш беруге конституциялық құқығы бар.


Біз Сіздерді университеттің білім беру сапасы мен даму үдерістерін одан әрі арттыруға бағытталған академиялық қоғамдастық конкурсына қатысуға шақырамыз.


Шарттар мен бос орындар туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден білуге болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/4139/notice/


Сіз өз түйіндемеңізді және конкурсқа қажетті құжаттарыңызды hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жібере аласыз. Конкурсқа қатысушы үміткерлердің өтінімдері менің және уәкілетті тұлғалардың жеке бақылауында болады.


Конкурс нәтижелері бойынша жарияланған лауазымдарға үміткерлер, сондай-ақ Университеттің кадрлық резервіне енгізуге үміткерлер анықталады.


Өз мүмкіндіктеріңізге күмәнданбаңыз және Университетіміздің дамуында маңызды рөл атқаратын, оның әрі қарайғы ілгерілеуінің және бүкіл еліміздің тірегі болатын қоғамдастықтың бір бөлігі болыңыз.


Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 3 желтоқсанына дейін ұзартылды.


Баршаңызға сәттілік тілеймін!

 


Құрметпен,
Басқарма төрағасы-ректор
Д.Н.Біләлов