қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.11.2021

«Жастар еріктілігі: құқықтық, рухани аспект» тақырыбындағы пікірталас

 

Тәуелсіз Қазақстанның волонтерлік қызметі - әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, жастарды қоғамға риясыз қызмет етуге тартатын нақты істер арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Осы негізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қарсаңында «Мейірім» клубының ұйымдастыруымен 2021 жылы 12 қарашада «Жастар еріктілігі: құқықтық, рухани аспект» тақырыбында дөңгелек үстел түріндегі пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шара «Мейірім» клубының жұмысты ұйымдастыру тәжірибесіндегі адамгершілік ұстанымына негізделген.Өйткені қоғамдағы волонтерлік жұмыстың құндылық бағдары - сананы жаңғырту дегенді білдіреді.

 

Пікірталас онлайн форматта «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Ширинбаева Гулбахираның модераторлығымен, «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2-ші курстың волонтер студенттерінің қатысуымен өтті. Пікірталас барысында «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының (2016 жылғы 30 желтоқсандағы №42-VI ҚРЗ) Заңы белгілейтін волонтерлік қызметті құқықтық реттеу және қолдау шаралары, олардың қызметін реттеу саласындағы волонтерлік қозғалысты дамыту перспективалары туралы мәселелер қаралды.

 

Пікірталас әдісі ойын түрлерін модельдеу элементтері бар нақты жағдайларды талдау, топтардағы рөлдерді бөлу, қатысушылардың диалогі түрінде бірлескен талқылау ережелері мен рәсімдерін сақтау ретінде жүзеге асырылды. Бұл пікірталаста екі түрлі жағдаят пайдаланылды: 1) топта болған жағдайлар; 2) кәсіби практикадан немесе жеке өмірде кездесетін жағдайлар талқыланды. Эстафета әдісі арқылы презентациялық бейнесюжет пен өзекті мәселелер талқыланды. Осы әдіспен топтық және шығармашылық жұмысты жүргізу қатысушыларға объективті қорытынды жасауға және барлық ақпараттық, шығармашылық, эмоционалды аспектілерді қарастыруға мүмкіндік берді.

 

Іс-шара барысында студенттер пікірталас тақырыбының нақты мәселелерін талдап, қорытынды шығарды. Кері байланыс алу үшін қатысушылар өздерінің "жақсылық ағашын" өсірді - қағазға бұрын жасаған игі ісін жазып, оны ағашқа жабыстырды.

 

Қатысушылар құқықтық және рухани аспектілерді қолдау шараларын реттейтін «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайтын негізгі ережелерін бірауыздан қабылдады. Жастардың күнделікті өмір сүру саласында ой, сөз және іс бірлігін ұстану қажеттілігін одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстар жасалды.

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы