Main
News
15.11.2021 «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» футбол турнирі
2021 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Тарих және құқық институты студенттері арасында «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» футбол ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Спорттық жарысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Манапбаев ашып, командаларға сәттілік тіледі.
Командалық есеп бойынша I орынға - «5 жатақхана» командасы жеңіп алса, II орынға - «Байдың балалары» командасы, III орынға -«Алаш» командасы ие болды.
Жарыс барысында үздік ойыны мен шеберлігімен көзге түскен, Тұрғанжанов Азиз - үздік қақпашы, Досанов Бегарыс - үздік ойыншы, Абусагиев Махамбет - үздік шабуылдаушы, Дүйсенғалиев Ерсұлтан - үздік қорғаушы номинацияларына ие болды. Жеңіске жеткен студентер алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
|