қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
19.11.2021

Адамзаттың үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы ашылды

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов пен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті Елена Сакенова ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

 

Осы құжат аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Алматы қаласы бойынша Адамзаттың үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы ашылды.


Іс-шараға «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Исимбаева, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірінші вице-президенті Иса Самсаев және университеттің Педагогика және психология институтының өкілдері қатысты.

 

Меморандумның мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын әзірлеу және ілгерілету, яғни ғылыми-танымдық материалдармен, басылымдармен және академиялық ақпараттармен алмасу; сарапшылардың пікірін ескере отырып, рухани-адамгершілік білім беру саласындағы зерттеулер және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу; бірлескен жобаларға қатысу; ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға арналған гранттарға өтінімдерді дайындау; рухани-адамгершілік білім беру саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу бағыттарын қамтиды.

 

Бүгінде «Бөбек» ҰҒПББСО - ұлттық білім беру жүйесінің барлық деңгейінде рухани-адамгершілік құндылықтарын оқыту және тәрбиелеу бойынша «Өзін-өзі тану» бағдарламасын кешенді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын республикадағы бірден-бір орталық.

 

«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Исимбаева филиалдың ашылуы балаларымыз бен жастарымыздың тұлғалық дамуына, олардың қабілеттерін анықтауға және жоғары азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қызмет ететінін атап өтті.

 

Дархан Біләлов ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, тұлғаның, әсіресе, жастардың дамуында өзін-өзі тану үлкен рөл атқаратынын, бұл студенттерді жаңа өмірге бейімдеудегі басты қадамдардың бірі екенін атап өтті. «Өзін-өзі тану рухани өркендеуге, өскелең ұрпақтың мәдениеті мен адамгершілігін арттыруға ықпал етеді. «Адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғыртуға арналған «Өзін-өзі тану» танымдық жобасының авторы Сара Алпысқызы болашақ ұрпақ тәрбиесінде дұрыс бағыт-бағдар берді, деп атап өтті ректор.

 

Елена Сәкенованың айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыруда жетекші рөл ұстазға тиесілі. Сондықтан ҚазҰПУ еліміздің басты педагогикалық жоғары оқу орны ретінде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы болып таңдалды. Аталған ұйым басшысы филиалға балабақша, гимназия және колледж базасында студенттердің педагогикалық практикасын өткізуге тұрақты түрде көмек көрсетіліп, қажетті оқу-әдістемелік оқу құралдарымен қамтамасыз етілетінін айтты. Осылайша, Меморандум аясында Абай университетінде балалар мен жастардың қоғамда жан-жақты үйлесімді дамуына және табысты әлеуметтенуіне, өскелең ұрпақты шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне тартуға ықпал ететін әлеуметтік-педагогикалық қолдау және жеке даму бағдарламалары іске асырылатын болады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізі -адамгершілік-рухани тәрбие аспектісінде гуманитарлық-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

 

19.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz