қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты студенттері мен магистранттарының жыл сайынғы дәстүрлі 76-ші ғылыми конференциясы


2021 жылдың 18-19 қараша күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының биология бөлімінің ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 76-ші конференциясы» өткізілді. Конференцияға «Биология» бөлімінің ПОҚ, 1-4 курс студенттері мен 1-2 курс магистранттары белсене қатысты.


«Студенттер мен магистранттардың 75 ғылыми конференциясының» басты мақсаты - биология ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа ғылыми жетістіктердің нәтижелерімен танысу, ғылым мен білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау, студенттер мен магистранттардың ғылыми көзқарасын алға жылжытуда білім мен озық тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету.


Бағдарлама бойынша конференция жалпы биология, биологияны оқыту әдістемесі, білім мен ғылымдағы жаңа тенденциялар атты секциялардан құралды.


«Жалпы биология» секциясында студенттер физиология, зоология, ботаника салаларындағы өзекті тақырыптар қозғалынды. Баяндамалардың көпшілігі қазіргі таңда өзекті болып табылатын тамақтанудың биологиялық маңызы, түрлі бағалы дәрілік өсімдіктер ,еліміздегі алуантүрлі өсімдіктерді қорғау тақырыбында баяндама жасады. Секцияның төрайымы б.ғ.к. Шыныбекова Ш.С., хатшысы - магистр, оқытушы Джарылкапова Сандуғаш Есенбекқызы болды. Аталған секция бойынша үздік деп танылған баяндамалар - «Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылында тарыны табиғи жолмен алу» (Махмұталиева В., 1-орын); «Тіршіліктің пайда болуының қазіргі көзқарастары» (Бекмурзина Т., 2-орын); «Охрана биологического разнообразия растительного мира в заповедниках и национальных парках Казахстан» (Маратқызы А., 2-орын); «Эндемичные и редкие виды полезных растений Казахстана» (Халыкберген А., 3-орын); «Студенттердің тамақтануын және оның биологиялық маңызын зерттеу» (Жұлдыз А., Жанабіл Н., Оразбекова А., 3-орын).


«Білім беру бағыты: биологияны оқыту әдістемесі» секциясында баяндамашылар қазіргі таңдағы заманауи педагогикалық технологияларды сабақ барысында қолданудың жоғары тиімділігіне аса мән берген, сондай-ақ, цифрлық қоғамдағы инновациялық технологиялардың мүмкіншіліктері туралы жұмыстар студенттерге болашақ мұғалім ретінде көп септігін тигізетіндігін айта кеткен жөн. Секция төрайымы п.ғ.к., доцент Бекенова Н.А. және комиссия мүшелерінің шешімімен жүлделі орынға ие болған студенттер - «Волонтерство как средство социальной активности студентов» (Масмахунова С., Касим М. - 1 орын), «Применение игровых технологий как способа реализации системно - деятельного подхода при обучении биологии» (Саядова Я., Нуржанкызы Ж., Әділхан А., 2 - орын), «Особенности организации и проведение лабораторных занятий по биологии в 7 классе общеобразовательной школы» (Абдирова С., 2 - орын), «Application of case method in genetics discipline» (Сайлау Айгерім, 2 - орын), «Білім мазмұның жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық және оқу сауаттылығын дамыту» (Жарикова Жулдыз, 3 - орын), «Биологияны оқытудағы «Минералдық заттардың ағзадағы маңызы» тақырыбын ашудың амалдары» (Махмут А., Бекжанова Г., Жөкеева А. - 3 орын), «Применение геймификации на уроках биологии» (Ибдимин З. - 3 орын).


Магистратура бойынша жүлделі орынға ие болғандар - «Педагогикалық ЖОО-да биология мұғалімдерін әдістемелік даярлау жүйесінің теориялық негіздері» (Сманова Асел Болатқызы - 1 орын), «Биология сабағында білім алушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздер» (Сапарова А. - 2 орын), «Биология курсын оқытуда мұражай топтамаларын пайдаланудың теориялық аспектілері» (Әбжаппар М. - 2 орын), «Болашақ биолог мұғалімдердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері», (Тасибек М. - 3 орын), «Биологиялық білім беруді экологияландыру теориясы» (Шалабай А. - 3 орын).


«Білім мен ғылымдағы қазіргі тенденциялар» секциясында бүгінгі таңдағы білім мен ғылымдағы жаңалықтар мен өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Баяндамашылардың арасында елімізде бүгінде өзекті болып отырған вирустардың таралуы, түрлері және ғылыми мақалаларды жазу ерекшеліктері, сондай - ақ, өсімдіктердің қазіргі жағдайы туралы қызықты, тартысты тақырыптар көзге түсті.


Үздік деп танылған баяндамалар - «Қазіргі кездегі вирустардың таралуы, түрлері» (Ибрашева А., 1-орын); «Алматы қаласының экологиялық жағдайы» (Дүйсенғалиева М., 2-орын); «Жетісу Алатауының «Крутое» шатқалында таралған пайдалы өсімдіктер жамылғысының қазіргі жағдайы» (Нуртаева А., Қалдыхан Г., 2-орын); «Қазақстанда ғылыми мақала жазудың стандарттары» (Рустамова Н., 3-орын); «Ғылыми зерттеу жұмыстарының Қазақстанда даму кезеңдері» (Мамбетова Ж. 3-орын).


Қорытындылай келе, студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 76 - конференциясы көздеген мақсатына толықтай жетті. Студенттер мен магистранттар теориялық және практикалық тәжірибе жинақтады. Биология бөлімінің бұл атқарған еңбегі ғылым жолындағы жас мамандардың шеберлігін шыңдап, кәсіби білікті мамандарды даярлауда үлкен септігін тигізетініне кәміл сенеміз!