қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.11.2021

Болашақ педагогтар кәсіби дағдыларын жетілдіруде

 

2021 жылдың 19 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ, зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев Алматы қаласындағы №53 жалпы білім беру мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің сабақтарына қатысты.

 

Соның ішінде, «5В010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенті Рахымбай Хабибаның «Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу» тақырыбында өткізген ашық сабағы өте жоғары дәрежеде өткендігін атап айтуға болады. Хабиба өзінің ашық сабағында оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жан-жақты ізденушілігін көрсетті.

 

Ашық сабаққа Өнер, мәдениет және спорт институты, «Көркем білім» кафедрасы бойынша тәжірибе жетекшілері педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Махметова Балайна Теменқызы мен  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Акбаева Шолпан Абильгазиевналар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Сабақ соңында, Бөрібаев Ермек болашақ педагогтің біліктілігіне өз бағасын беріп, педагогикалық тәжірибеден өту - түлектердің сәтті жұмысқа орналасуының кепілі екенін атап өтті.