қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.11.2021

Профессор Т.Қ. Оспанов атындағы II Халықаралық байқауы


Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі профессор Төлеген Қаражанұлы Оспанов атындағы кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің ІІ Халықаралық байқауын ұйымдастырды. Байқау қашықтан өткізілді. Ол 2021 жылы 15 қазан күні жарияланып, байқау жұмыстары 2021 жылдың 15 қарашасында жинақталды. 25 қарашада байқаудың қорытындысы шығарылып, нәтижесі хабарланды. Байқау жүлдегерлеріне дипломдар жіберілді.


Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1. Студенттердің туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өлкетану есептерін құрастыру барысында студенттердің зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту.
3. Олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
4. Математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
5. Студенттердің оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.

 

Байқаудың әділ қазылар алқасы:
1. Романова М.А. -  МҚПУ оқыту әдістемесі департаментінің профессоры (Мәскеу қ.)
2. Жұмабаева Ж.А. -  аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.)
3. Акпаева А.Б. - доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.)
4. Лебедева Л.А. -  доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ(Алматы қ.)
5. Агеева Л.Е. -п.ғ.к., ҚазҚызМемПУ, (Алматы қ.).
6. Астамбаева Ж.К. - аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.)
7. Рябова Е.В. - п .ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.)
8. Давоян И.Л. - МҚПУ педагогика департаментінің аспиранты (Мәскеу қ.)
9. Матвеева В.А. - «Сахалин мемлекеттік университеті» математика кафедрасының аға оқытушысы. (Южно-Сахалинск қаласы)
10. Вдовцева И.В - педагог-сарапшы, еңбек өтілі 11 жыл, КММ №15 гимназия (Алматы қ.)
11. Ахметова А. А. - педагог -модератор, еңбек өтілі, Private school "Koktobe" (Алматы қ)
12. Маматова М. А. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 1 жыл, КММ №15 гимназия (Алматы қ.)
13. Үндемесова Р. И. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 1 жыл, КММ №15 гимназия (Алматы қ.)
14. Хелимахунова С.Х. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 1 жыл, КММ №56 гимназия (Алматы қ.)
15. Баева Ж.Ж. - Абай атындағы Қаз ҰПУ ; БОПӘ мамандығының 2 курс магистранты (Алматы қ.)
16. Белова Н.О. - Абай атындағы Қаз ҰПУ ; БОПӘ мамандығының 2 курс магистранты (Алматы қ.)


Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің 9 жоғары оқу орнынан 55 өтініш келіп түсті. Студенттер желісі туған өлкенің тарихи, мәдени, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін бейнелейтін өлкетанушылық материалдарға байланысты сюжетті математикалық есептер құрастырды. Конкурстың шарты - есептердің математикалық мазмұны бастауыш сынып математикасының мектептік курсы бағдарламасына сай болуы. Студенттер есептің құрылымы мен түрін өз бетімен таңдады. Есептің шешулерін қатысушылар түсіндірмесі бар амалдар мен теңдеулер түрінде рәсімдеп, сызбалар, сұлбалар, т.б. қолданды.


Байқауға қатысушылардың жетекшілері мен әділқазылар алқасына алғысымызды білдіреміз!