қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.11.2021

Б.А. Бірімжановтың 110 жылдық мерейтойына арналған

«Ұлағатты әулет» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс

 

2021 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығы мен Химия білім беру бағдарламасы ұйымдастыруымен Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор, 1932 ж. университетіміздің түлегі Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Ұлағатты әулет» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс оффлайн/онлайн форматта өтті. Іс-шараға Химия білім беру бағдарламасы профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

Іс-шарада «Ұлы дала тұлғалары» орталығының жетекшісі саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлшат Нұрымбетова сөз сөйледі. Химия білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор Жазира Мұқатаева «Атақты ғалым, шебер ұйымдастырушы, ұлтжанды азамат, асыл тұлға Б.А. БІРІМЖАНОВ» атты баяндама жасады.

 

Дәрісте профессор Жеңіс Шоқыбаев Б.А. Бірімжановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын жан-жақты талдаса, профессор Әзимхан Сейітжанов және Несіпхан Бектенов адами-тұлғалық келбетіне тоқталды.

 

Дәрісте онлайн форматта тыңдаушылар арасынан профессор Гүлжамила Мейирова да өзінің Б.А.Бірімжанов туралы естеліктерімен бөлісті.