қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.11.2021

«Жасыл университеттер: тәжірибе, тұрақты даму контекстіндегі перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2021 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен  Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасыл университеттер: тәжірибе, тұрақты даму контекстіндегі перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


Іс-шараның ресми бөлімін Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Билялов Д.Н. және Жаратылыстану және география институтының директоры Каймулдинова К.Д. құттықтау сөзімен ашты. Билялов Д.Н. өз сөзінде Абай атындағы ҚазҰПУ 93 жылдық тарихы бар еліміздің тұңғыш оқу орны екендігін және Қазақстандағы экологиялық білім өз бастауын осы оқу орнынан алатындығын атап өтті. Біздің ғалымдар ҚР ҰҒА академигі А.С. Бейсенованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбиенің алғашқы Концепциясын әзірлеген. Біздің унивкерситет ЮНЕСКО-ның ұстанымын қолдайды және университеттегі ғылым, білім және шаруашылық іс-әрекеттердің барлығы Тұрақты даму қағидаларына сәйкес жүргізіледі.


Профессор Каймулдинова К.Д. конференция қатысушыларына арнайы қонақтарды таныстырып, университеттегі экологиялық білімнің даму тенденциялары мен болашақтағы стратегиялық бағыттарын атап өтті. Аталған іс-шараға Жапонияның Окаяма университетіндегі Тұрақты даму мүддесінде білім беруді ілгерілету орталығының директоры Хироки Фуджи қатысып, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі А.А. Скакова Тұрақты даму контекстіндегі перспективалар мен ЖОО-дағы экологиялық білім беру бағдарламасы мен үдерісіндегі кейбір проблемалар жайында сөз қозғап, ұйымдастырылған іс-шараның қажеттілігі жайында пікірін білдірді.


«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Кеңсесінің басшысы Г.А. Медиева қоғамдағы тұрақты даму мүддесіндегі экологиялық білім берудің маңыздылығы мен рөлі жайында ерекше баяндамасын ұсынды.


Конференцияға БҰҰДБ-ҒЭҚ ҚР бойынша энергия тиімділігі жөніндегі үйлестірушісі, сарапшы Белый А.В.; ЮНЕСКО-ның Орта Азиядағы Кластерлік Бюросының маманы Алпысбаева М.Қ.; РХДУ (Мәскеу) экология факультетінің деканы, «Қолданбалы экология» кафедрасының меңгерушісі Редина М.М.; геол.-минер.ғ.д., РХДУ профессоры Хаустов А.П.; Ресей Экологиялық академиясы және Жаратылыстану Академиясының академигіМоисеева Л.В.; ЮНЕСКО тәуелсіз сарапшысы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының доценті, PhD Зейнолла С.Ж.; РФ Білім беру саласының құрметті қызметкері, Иванов мемлекеттік университетінің профессоры Смирнов Г.С.; Нархоз университетінің қауымдастырылған профессоры Гумарова Т.А.; Иваново мемлекеттік университетінің философия кафедрасының меңгерушісі Смирнов Д.Г.; И.Н. Ульянов атындағы УлМПУ «Педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының профессоры Гринева Е.А., Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры Нұрмұханбетова Ғ.Ә.; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ТМД қатысушы елдердің экологиялық білім беру жөніндегі қоғамдық ұйымының мүшесі Длімбетова Ғ.К.; «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аитова Б.Н; Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, PhD Барбара Януш-Павлетта және т.б. қатысты.


Конференцияның пленарлық отырысын модераторлар - Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары Жүсіпова Д.Б. және Бәкірова К.Ш.


Конференцияның ресми бөлімінде Абай атындағы ҚазҰПУ-і мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы арасында әріптестік байланыс орнату Меморандумына қол қою рәсімі өтті. Болашақта бұл құжаттың аясында университетіміздің білім алушылары мен ПОҚ халықаралық жасыл технологиялар негізінде тәжірбие алмасуға, инвестициялық жобаларға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл мүмкіндік болашақта университетіміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін жоғарлатуға және заманауи технологияларды меңгеруге сенімді серпіліс болғаны анық.