қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.12.2021

Атыраулық магистрант-аудармашылардың ғылыми тағылымдамасы

 

2021 жылдың 22 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Аударма ісі» мамандығының 2 курс магистранттары Айтмұханбет Жанна және Дюзелбаев Ернар  онлайн форматта ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Қазіргі аударматанудың әртүрлі аспектілері бойынша магистранттармен ғылыми кеңестер, дәрістер және практикалық сабақтарды профессор А.К. Жұмабекова және кафедра оқытушысы А.З. Мұхитов өткізген.

 

Магистранттар Айтмұханбет Жанна мен Дюзелбаев Ернар пандемия кезінде білімдерін тереңдету мүмкіндігін берген Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығына және Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушыларына алғыстарын білдіреді.