қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.12.2021

«Қазақстан поэзиясындағы жануарлар әлемі» атты кіріктірілген байқау

 

2021 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты мен Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясындағы жануарлар әлемі» атты кіріктірілген байқау өтті. Мұндай бірлескен іс шара университетте алғаш рет өткізіліп отыр. Байқаудың бастамашылары мен ұйымдастырушылары орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Бұзаубағарова Қ.С., Абаева М.К. және биология кафедрасының оқытушылары Батырова Қ.И. және Джунусова Р.Ж.


Шараның басты мақсаты - тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында қазақстан поэзиясы арқылы студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Аталған шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай орайластырылды. Сайысқа биология мамандығының қазақ тобының 3 курс студенттері қатысты. Болашақ биологтар орыс тілі арқылы әртүрлі тапсырмалар мен проблемалық жағдаяттарды шеше алды: алынған ақпаратты бағалау, кәсіби тақырыптарда көпшілік алдында сөйлеу, шешендік шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар студенттер О.Сүлейменовтің «Бөлтіріктер» поэмасының тамаша буктрейлерлерін жасап, «Менің жауапкершілігімде» деген тапсырманы тамаша орындап, маңызды ұлттық ресурстарды табиғаттың құрамдас бөліктері жануарлар дүниесі, биоәртүрлілікті толықтыру және сақтаудың қызықты шешімдерін ұсынды. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша жазылған сериядан үзінді студенттерге поэтикалық мәтіннің тууына ықтимал жағдай ретінде Абайдың бүркітпен аңға шығуы эпизодына жүгінуге мүмкіндік берді.


Кешенді жарыс жарқын мерекеге айналды. Барлығына қызықты болды. Ал жанкүйерлер өз командаларына қосымша ұпайлар әкелуге тырысты. Көркем шығармалардан алынған жағдаяттар студенттердің өмірлік және кәсіби тәжірибесіне жақын болды және оларға жанды эмоционалды және ынталандырушы әсер етті. Байқауды ұйымдастырушылар әдебиет пен биологияны біріктіретін кешенді тәсіл мәдениетті, оның ішінде экологиялық мәдениетті, жалпы адамзаттық құндылық ретінде табиғатқа адамгершілік және тұлғалық қатынасты қалыптастыруға мүмкіндіктер беретініне сенімді.