қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары
«ЭТНО-ЭРАТО-2021» Еуразиялық ұлттық киім жоғары сән байқауының басты жүлдесін жеңіп алды

 

2021 жылдың 27-28 қараша күндері Мәскеуде «ЭТНО-ЭРАТО» Еуразиялық ұлттық киім жоғары сән байқауы өтті. Конкурс шеңберінде барлығы 150 киім коллекциясы ұсынылды.


Ұсынылған туындыларды байқаудың беделді қазылар алқасы бағалады, оның құрамында ұлттық киімдер дәстүрінің білгірлері және сәндік-қолданбалы өнерді бағалаушылар болды. Олардың қатарында Қазақстанның атынан Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі Канапьянова Раушан Хабдулмуталяповна қазылық етті.


Байқаудың басты жүлдесі «Гауһар тасы бар алтын қайшы» және мерейтойлы конкурстағы «Кәбилігі үшін» номинациясындағы дипломды Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Алтын» коллекциясы үшін Асем Абижанова иеленді.


2017 жылы Р.Х.Канапьянова аталған байқауда «Ретро ұлттық киім» номинациясы бойынша «Шаңырақ» коллекциясын ұсынып, бірінші орын және «Алтын статуэтканы» жеңіп алған болатын. Биылғы жылы гала-концертте «Шаңырақ» коллекциясы Мәскеудің талғампаз жұртшылығын таң қалдырды.


Мәскеудің үлкен Үкімет залында, мерейтойлық гала-концетте халық мәдениетін сақтап және дамытқаны үшін, байқауға белсенді қатысқаны үшін Р.Х. Канапьянова байқаудың айрықша сыйлығы «Алтын инемен» марапатталып және Еуразия халықтары Ассамблеясы және Мәскеу Үкіметінің екі «Алғыс хаты» табысталды.