Main
News
02.12.2021 «Мен-Азат елдің ұланымын!» онлайн кездесуі
2021 жылы 30 қарашасында Тарих және құқық институты Т.С.Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының эдвайзері Әзіретбергенова Эльмира ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық» апталығына сәйкес «Мен-Азат елдің ұланымын!» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Кездесу қонағы Медеу аудандық жергілікті полиция ювеналды полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Ә.Т. Қозыбеков болды.
Кездесу барысында студенттерге заң жайлы түсініктеме беріліп, сонымен қатар сақтық шаралары жайлы айтылды.
Сұрақ жауапқа жалғасып, студенттер мағлұматтар алды.
Кездесу соңында Э.Жарылқасынқызы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Д.Өтебаевқа және кеш қонағы Ә.Т.Қозыбековке алғыс білдірді.
|