Main
News
15.12.2021 «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» танымдық-тәрбие сағаты
2021 жылдың 14 желтоқсанында Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.Д.Рахимова 2 курс, «Философия» мамандығының студенттеріне «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» танымдық-тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында «Тәуелсіздік деген не?», «Адам өміріндегі бостандық» және т.б мәселелер көтерілді. Еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуына зор үлес қосқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу мақсатында студенттер баяндамалар дайындап, көтерілген тақырыпты талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.
|