қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.12.2021

 

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер, магистранттар, докторанттар!


Еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

 

Бұл күн Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі, мемлекеттің бостандығы мен тәуелсіздігінің символы болып табылады.Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен, табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды; егемендік алған жылдар ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, әлемге танылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім мен ғылымды инновациялық даму және халықаралық ынтымақтастық жолына бағыттай отырып, отандық білім беру моделін дамытудың жаңа бағыттарын нақты айқындап берді. Елбасының білім саласына қатысты барлық идеялары ұзақ мерзімді жоспарға ие бола отырып, қазірдің өзінде жүзеге асырылды және жалғасын табуда.

Абай университеті еліміздің білім, ғылым және экономиканың дамуына қосқан үлесімен мақтана алады.Әр түрлі саладағы жоғары білікті мамандарды даярлай отырып, біз көптеген қазақстандықтардың өмірін жақсартуға ұмтыламыз. Қазақстанның бүгіні мен болашағы біздің үйлесімді жұмысымызға, жастарды оқыту сапасын арттыруға байланысты.

Біздің университет ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасы ұлттық және халықаралық рейтингтердің нәтижелерімен жүйелі түрде расталады.
Болашақ педагогтарды жоғары деңгейде даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Біздің студенттеріміздің академиялық ортада, ғылымда, өнерде және спортта өз әлеуетін ашуға және дамытуға тамаша мүмкіндігі бар. Біз жастарымыздың білімді және бәсекеге қабілетті болуына, көшбасшылық қасиеттерге, ойлау жасампаздығына, еңбек нарығы мен технологиялардың өзгеріп отырған жағдайларына бейімделуіне ұмтыламыз.Бірақ біздің жұмысымыздың маңыздылығы студенттеріміздің интеллектуалдық және кәсіби дамуында ғана емес. Отанға деген сүйіспеншілікті нығайта отырып, оның мәдени және рухани құндылықтарын дамыта отырып, біз кез келген кедергілерді жеңіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын еліміздің нағыз патриоттарын қалыптастырамыз.

Алда университетімізді одан әрі дамыту үшін ауқымды жоспарлар мен батыл идеялар тұр. Жақында алдағы бес жылға арналған Университетіміздің даму стратегиясы қабылданды. Біздің ұжымымыз стратегияны жүзеге асырып, Қазақстандағы педагогикалық білім берудің флагманы ретінде Абай университетінің лайықты орнына жаңа серпін беретініне сенімдімін.

Сіздерді еліміздің басты мерекесімен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстанның игілігі үшін жаңа табыстар тілеймін!

 


Құрметпен, ректор Дархан Біләлов