Main
News
24.12.2021 «Педагогика» (Education) бағыты бойынша сілтеме жасалатын журналдардағы жарияланым» вебинары
Вебинарға еліміздің жоғары оқу орындарынан (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) 100 ғалым қатысты. Семинарға Ош технологиялық университетінің (Қырғызстан) өкілдері де қатысты.
А. Сидоркин «жыртқыш» журналдардың белгілері туралы айтып, рейтингтік орыс тілді журналдарды іздеу дағдыларымен бөлісті. Ол ғалымдар үшін сапалы емес басылымдарды табатын делдал компаниялардың қызметтері туралы айтты. Вебинар соңында спикерге сұрақтар қойылды. Оқытушылардың қызығушылығы сұрақтар мен жауаптарды талқылауда да, сессияда да байқалды. Қатысушылар спикерге және іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
|