қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.12.2021

Балғын балуандар белдесті

 


 

Алматының іргесінде орналасқан Талғар қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ күре­сінен әлем және Азия чемпио­натының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркін Сайдақовтың жүлдесіне арналған жас­өспірімдер арасында рес­пуб­ликалық турнир өтті.

 

Аталған жарысқа еліміздің 11 облысынан келген 25 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Талғар аудандық спорт басқармасының басшысы Аман­жол Нұғманов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жанындағы Өнер және мәдениет институтының директоры Тоққожа Мұ­қажанұлы, грек-рим күресінің хас шебері Нұртан Жұмабеков, №2 балалар спорт мектебінің директоры Айгүл Орал­­бекқызы, ауыр атлетикадан әлем чем­пионы Жасұлан Қыдырбаев және Еркін­нің ата-анасы Мұқаш Сайдақов пен Гүл­­сара Мұқанова құттықтау сөздерін айтып, балғын балуандарға сәттілік тіледі.

 

Екі күнге созылған жарыс барысында балуандар 10 салмақ дәрежесі бойын­ша түрлі-түсті медальдарды сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласының өкілдері бірінші орын алса, екінші орынға Қызылорда облысының спортшылары табан тіреді. Ал үздік үштікті Алматы қаласының өрендері қорытындылады. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдар, кубоктар және баға­лы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жарыстың бас төрешісі Ерлан Иман­ғалиевтің айтуынша, осындай жарыс­тардың жиі ұйымдастырылып тұрғаны абзал. Біріншіден, бұл - халық­аралық аренада ел мерейін асқақтатқан спортшыға деген құрмет. Екіншіден, түрлі бәсекелерге жиі қатысқан жас балуандардың шеберлігі ар­тып, олар психологиялық тұрғыдан да шың­дала түседі.

 

 

20.12.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz