Main
News
14.01.2022 Қазақстанның үздік магистранты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, №5-18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ЖОО-да білім алып отырған магистранттарды қолдау мақсатында қолға алынған «Қазақстанның үздік магистрі және магистранты» республикалық конкурсы өтті. Конкурсқа республикадан 200-ден аса магистрлері мен магистранттары құжаттарын жолдап, ішінен үздік деп танылған 83 қатысушы іріктелініп алынды.
Осы республикалық конкурсқа қатысып,Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «7M01601 Цифрлық тарих: тарихты оқытудағы технологиялар» мамандығының 2-ші курс магистранты Надия Жастлек «Қазақстанның үздік магистранты» атанып, І-дәрежелі диплом мен төсбелгіні иеленді.
|