қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.01.2022

Филология және көптілді білім беру институтының оқытушысы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру инcтитуты Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторы, постдокторант Дина Сабирова шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атанды. Сабирова Дина 2016 жылғы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. Атап айтар болсақ:

- 2015-2016 жылдарға арналған «Жапония әлемдік әдебиетте: посткеңестік елдердегі әдеби білім беру» (Жапония);
- «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларының қалыптасуын және оны анықтайтын факторларды зерттеу» (Ресей);
- Эразмус+ 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP KAZDUAL «Қазақстанда дуалды білім беру жүйесін енгізу» сияқты көптеген халықаралық жобалардың белсенді қатысушысы.


Дина Алтайқызы 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде: 7 мақала «Scopus» ғылыми базасына кіретін импакт-фактор журналдарында жарық көрген, Хирша индексі-2.