қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.01.2022

«Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» республикалық конкурсы

 

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» республикалық конкурсы өтті.

 

Аталмыш конкурсқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «Биология» мамандығының 4-ші курс студенті Есенбекова Қаракөз қатысып, «Қазақстанның болашағы - дарынды жастар» тақырыбында мақала жазудан жеңімпаз атанып, 1-ші дәрежелі диплом иеленді. Конкурс қорытындысы бойынша студент Есенбекова Қаракөз ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» жеңімпазы атанып, «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» атты кітап жинағына шығып, төсбелгі және арнайы куәлікпен марапатталды.