қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
03.02.2022

Ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды



 

2 ақпан күні Алматыда қаланың жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл білім беру саласында зерттеу нәтижелерін тиімді қолдануды күшейтеді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.


Шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Министр ғылым мен білім беру салаларын тығыз, ауқымды және көпжақты интеграциялау қажеттігіне тоқталып, ғылым мен білімді айтарлықтай тиімді үйлестіре алған әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесін атап өтті.


«Бұл тәжірибе қазақстандық білім және ғылым жүйесі үшін де маңызды. Енді біздің университеттер ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, ғылыми кадрларды даярлауды бірлесе жүзеге асыратын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру жоғары білім және ғылым саласын, ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін арттыруға серпін береді», - деді Асхат Аймағамбетов.


Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов өз кезегінде бұл қадам шын мәнінде жоғары білім сапасын, жоғары оқу орындары мен олардың түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жас мамандарды еңбек нарығында сұранысқа ие ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл кез келген университеттің міндеті.


Келісім аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға студенттерге озық ғылыми білім беру мақсатында студенттердің ғылыми жобаларын (жұмыстарын) және диссертацияларын зерделеу, рецензия жазу және жетекшілік ету үшін ҒЗИ-дің 38-ден астам ғалымы жұмысқа тартылады. Бұдан бөлек, бірлесе маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орындарының зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болады. Енді студенттер еліміздің ең бірегей ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеп, тағылымдамадан өте алады. Сондай-ақ, құрамына жоғары оқу орындары мен ҒЗИ қызметкерлері кіретін 13-тен астам бірлескен диссертациялық кеңестер жұмыс істейтін болады.


Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл шаралар жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің сапасын, мамандарды даярлаудың тиімділігін арттырады және ғылымға талантты жастарды тартуға көмектеседі.

 


31.01.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com