қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.02.2022

Студенттер педагогикалық тәжірибеге дайындығы


2022 жылдың 4 ақпанында «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасының 3-ші курс және 2-ші курс (3 жылдық) студенттеріне педагогикалық практикадан өту тәртібін түсіндіру мақсатында бағыт беру конференциясы өтті. Конференцияда педагогикалық тәжірибенің мақсат, міндеттері туралы түсіндіріліп, болашақ мамандардың практикадан өту барысында кездесуі мүмкін негізгі мәселелері талқыланды, үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу мерзімдері, ережелері айтылды. Педагогикалық практикада студенттер оқу-тәрбие үдерісін бақылайды, талдайды, сондай-ақ мұғалімнің тікелей қатысуымен өздері жүргізеді, бейнесабақ түсіреді. Практика базалары (мектептер, лицейлер) аталып, педагогикалық практиканың әдіскер-жетекшілері тағайындалды. Конференцияны қазақ бөлімі бойынша практиканы үйлестіруші Г.Ж.Омарова, орыс бөлімінде Л.А. Лебедева жүргізді.


Конференция барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, әдіскерлер тарапынан нақты, жан-жақты жауаптар алды.


Көпшілік студенттердің пікірінше, практика кәсіби өзін-өзі дамытудың тамаша мүмкіндігі болып табылады.