Main /
Mass media about us
07.02.2022 Абай университеті - Қазақстандағы ең үздік университеттердің бірі
Әр жарты жыл сайын ұсынылатын Webometrics Ranking of World Universities-2022 әлемдік үздік білім беру мекемелері веб-сайттарының халықаралық рейтингі жарияланды. Webometrics Ranking of World Universities - бұл университет сайтының және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін көрсеткішке негізделген әлемдік университеттердің жаһандық рейтингі.
Webometrics рейтингінде әлемдік университеттер арасында Абай университетінің веб-сайты 5108-ші орынды иеленді. Әлемдік рейтингке қазақстандық 130 жоғары оқу орны кірді. Webometrics-тің жаңа деректері бойынша Абай университеті 10-орынға ие болып, Қазақстанның ТОП-10 ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді. Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында - 1-орын.
Университеттің ғылыми қызметінің белсенділігіне талдау жүргізілетін Web-индикаторлар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің зерттеу қызметіне қаншалықты тартылғанын анықтауға мүмкіндік береді.Cybermetrics Lab әдістемесіне сәйкес университеттерді рейтингтеу алгоритмі үш көрсеткішке негізделген: Impact, Openness, Excellence. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жыл сайынғы жетістігі оның әлемдік жоғары білім жүйесіндегі тұрақты орнын тағы бір рет растайды. Халықаралық рейтингтерге қатысу университетті әлемдік ғылыми кеңістікте орнықтыруға, халықаралық білім беру ортасына енуге, білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістерін халықаралық ережелер мен стандарттармен үйлестіруге, білім беру қызметінің сапасын арттыруға және дамудың жаңа мүмкіндіктерін табуға мүмкіндік береді.
Абай университеті Web of Science деректері бойынша импакт-факторы бар басылымдар саны бойынша республиканың педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында көш бастап тұр. Университеттердің ұлттық және халықаралық рейтингтерінде университет ұзақ жылдар бойы көшбасшы болып келеді және тұрақты түрде Қазақстанның жетекші педагогикалық университеті болып табылады. Оны одан әрі дамыту 2022-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясында көрсетілген, оның негізгі бағыттары білім сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, ғылыми белсенділікті күшейту және дарынды жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады. Абай университетінің ұжымы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыра бастады.
07.02.2022 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |