қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.02.2022

Қазақстан Республикасы ұлттық университеттерінің баспасөз хатшыларына арналған семинар


2022 жылғы 11 ақпанда Нұр-сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен еліміздің ұлттық жоғары оқу орындарының баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті.​ Абай университетінің атынан Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Римма Абдықадырқызы қатысты.

 

Семинар аясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу өтті. Министр қоғаммен байланыс қызметінің, университеттер қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің, студенттер мен университет қызметкерлерін білім және ғылым саласындағы қабылданып жатқан шешімдер мен жоспарлар туралы хабардар етудің маңыздылығын атап өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы баспасөз хатшыларына сәттілік тілеп, осы саладағы үздік мамандардың тәжірибесін ескеруге шақырды.​

 

Семинар коммуникациялық менеджмент және SMM бойынша екі негізгі тақырыпты қамтыды.​ Спикерлер ретінде ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева, PR тәжірибелі медиа-тренерлері Ақерке Белібай мен Арайлым Құлмағанбетова сөз сөйледі.​Менеджмент және этика, SMM құралдары, БАҚ, қоғаммен байланыс, баспасөз хатшыларының дағдарысқа қарсы шаралары талқыланды, университеттің баспасөз қызметі мен қоғаммен байланысын дамыту бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, қатысушылар қоғаммен тиімді байланыс орнату бойынша тәжірибе алмасты. Кездесу нәтижелі өтті.