қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.02.2022

Польша университетінің докторанты Абай университетінде тағылымдамадан өтеді


Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2022 жылғы 15 ақпаннан бастап Ольштын қаласы (Польша) Варминск - Мазур университеті докторантурасының екінші курс студенті Юрий Серебрянский төрт айлық ғылыми тағылымдамадан өтеді.


Докторант Ольштын қаласындағы Варминск-Мазур университетін «Еуропадағы мәдениетаралық қатынастар» мамандығы бойынша және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Оның болашақ диссертациясының тақырыбы «Шет тілді ортадағы орыс тілі. Қазіргі Польша мысалындағы жағдайы». Ю.Серебрянский Польша университетінің тіл білімі кафедрасын атынан ғылыми еңбегін қорғамақ, оның ғылыми жетекшісі - профессор, филология ғылымдарының докторы Елена Потехина.


Жас ғалым - Қазақстанда және Польшада жазушы және әдеби аудармашы ретінде танымал. Ол бірқатар әдеби сыйлықтардың, оның ішінде «Орыс сыйлығы» мен «Алтын қалам» сыйлықтарының иегері. Ол проза мен өлеңдер бойынша алты кітабының, эссе мен сұхбат беру жинағының авторы. Ю.Серебрянский - Айова қаласындағы (АҚШ) IWP халықаралық жазушылар резиденциясының қатысушысы. Юрий Серебрянскийдің прозасы мен өлеңдері қазақ, ағылшын, поляк, неміс, француз және басқа тілдерге аударылған. Оның шығармалары қазақстандық, ресейлік, американдық және еуропалық әдеби журналдарда жарық көрді.


Юрий Серебрянскийге Қазақстан университетіндегі тағылымдама докторлық дәрежеге ізденуші үшін пайдалы болады, ал белгілі жазушымен танысу біздің болашақ әдебиеттанушылар - студенттер мен магистранттар үшін маңызды оқиға болмақ.