қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.02.2022

Абай университетінің оқытушылары -

бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары

 

2022 жылдың 17 ақпанында Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі мен М.К. Амосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университетінің (Якутск қ.) ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында цифрлық құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі тәсілдері» тақырыбында Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференция «DIGITAL EDU. Білім берудегі цифрлық құзыреттер» халықаралық қатысумен, үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрлық құзыреттерді дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылауға арналған.

 

«Қазіргі жағдайда білім беруді ізгілендіру және гуманитаризацияландыру мәселелері» секциясында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева (қосалқы баяндамашылары - филология ғылымдарының кандидаты Марина Асылбекова және доцент Зинаида Поляк) баяндама жасады. «Жоғары мектепте «орыс әдебиеті» электронды оқулығын пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндама тыңдаушыларды қызықтырды. Баяндаманы талқылау кезінде қазақстандық «Алматыкітап баспасы» баспасының электрондық оқулықтарының платформасы ТМД елдеріндегі цифрлық білім беру көшбасшыларының бірі болып табылады деген пікір айтылады.