Ғылыми-зерттеу шығармашылық көрмесі «Фьюжен»
2022 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер мәдениет және спорт институты «Жасампаз» галереясында Көркем білім кафедрасы мен Дизайн кафедрасының жас мамандары бирлесіп «Фьюжен» ғылыми зерттеу шығармашылық көрмесін өткізді. Көрменің ашылу салтанатына ғылыми істер жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова, Институт директоры Тоққожа Қожағұлов, белгілі мәдениет қайраткерлері Қалиолла Омаров, Байтұрсын Өмірбеков, Жұмақын Қайрамбаев қатысты. Олар жас авторлардың жұмыстары туралы жылы лебіздерін айтып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.