Main /
Announcements
02.09.2019 Құрметті магистранттар мен докторанттар!
DAAD Шығыс серіктестігі жобасы аясында 2019 жылдың 3-13 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 5 докторанты мен 5 магистрантының Гайдельберг педагогикалық университетінде (Германия, Гейдельберг) ғылыми тағылымдамасы жоспарланған. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - екі университеттің жас зерттеушілері арасында ғылыми идеялармен алмасу және ғылыми зерттеулер саласында серіктестік орнату.
Осыған байланысты 2019 жылдың 31 тамызына дейін барлық мамандықтардың 2 курс магистранттары мен 2-3 курс докторанттары арасында конкурстық іріктеу жарияланады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін міндетті құжаттар: 1. Соңғы семестірде көрсетілген 3,5-тен төмен емес GPA транскрипті. 2. IELTS, TOEFL және TestDAF сертификаттарының түпнұсқасы (В1-В2 деңгейі). 3. Ағылшын немесе неміс тілдеріндегі зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми реферат.
Құжаттар 2019 жылдың 31 тамызына дейін, Халықаралық ынтымақтастық департаментінде, Қазыбек би көшесі,30/1 мекен-жайы бойынша, №3 каб. қабылданады. Тел.: 293-85-79.
Жобаға байланысты жол жүру шығындарын (әуе билеті) қатысушы өзі төлейді. Басқа шығындар (таңғы ас, тұру шығындары , әуежай-Гейдельберг-аэропорт және экскурсия трансфері) жобаның есебінен төленеді.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
|