қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.02.2017

2017 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халықына жолдауын талқылауға арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы соттың төрағасы Кайрат Мами, Университетіміздің ректорат мүшелері, СҚИ директорлары Мари-АНН Серв (Франция) пен э.ғ.д., профессор Г.Б. Нурлихина, ҚРҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.Н. Сабикенов, халықаралық заң кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор А.А. Сабитова, т.ғ.д., профессор Е.А. Кузнецов, халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Ж.К. Симтиков, республикалық зиялылар мен университеттің профессор оқытушылар құрамы  қатысты.
Өз сөзінде ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы И. И. Рогов «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заң жобасының басты бағыттарын түсіндіріп, жұмыс тобына түсіп жатқан ұсыныстарды қарастыруда екенін айтты. Кайрат Мами Жоғарғы соттың Президент жолдауы мен билік арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселесі реформасының алға қойған міндеттері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап айтты.
Конференция үш бағытта жүзеге асты: Президенттің халыққа жолдауы аясындағы республиканың конституциялық-заңнамалық даму мәселелері, сыртқы саясаттағы басымдылықтар мен білім алу сұрақтары.
Танымал қазақстандық ғалымдар мен Ғылым мен білім министрлігі өкілдерінің баяндамалары оқылды.
Шара қатысушылары Мемлекет басшысы ұсынып отырған заңнамалық өзгерісті жоғары бағалап, толықтырулар еңгізіп жұмыс тобына жолдайтындықтарын айтты.
Конференцияның нәтижесінде жоо ұжымы бірауыздан жаһандану жағдайында және әлемдік бәсекеде инновациялық экономика мен бизнес-ортаны нығайту, жемқорлықпен күресу, адам капиталын өсіру елдің дамуы мен қоғам мен мемлекетті демократизациялауға қадам деп түйіндеді.