қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.02.2022

«Ғылыми материалдарды іздестірудің тиімді жолдары» тренингі

 

2022 жылдың 25 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ бакалавр, магистрант, PhD докторанттарға және жас зерттеушілерге арналған онлайн/офлайн форматтағы «Ғылыми материалдарды іздестірудің тиімді жолдары» тренингі сәтті өтті.

 

Ғылым департаменті жанындағы Жас зерттеушілер кеңесінің ұйымдастыруымен болған іс-шараға 150-ге жуық адам қатысты.

 

Іс-шараны зерттеу ісі жөніндегі проректор Ермек Бурибаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Кеңестің төрағасы Шахислам Лайсханов алғашқы спикер болып, Google scholar, ERIC, Science researcher, eLibrary платформаларын пайдаланып, ғылыми мақалаларды іздеу, іріктеу, жүктеу мәселелерін ашып көрсетті.

 

Кеңестің Ақпараттық комитет жетекшісі Талғат Қилыбай Scopus деректер базасында мақалалар мен басылымдарды іздеудің ерекшеліктерімен таныстырды.

 

Кеңестің мүшесі, аға оқытушы Арайлым Өтемісова ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарды іздеу, мақала дайындау және жариялау сұрақтары бойынша ақпаратпен бөлісті.

 

Тренинг барысында онлайн және офлайн қатысып отырған жас зерттеушілер өз сұрақтарын қойып, дискуссия орын алды.