қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.03.2022

 

Ардақты аналар!


Аяулы арулар!

 

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Абай университетінде ақылды, талантты, мақсатты нәзік жандар жұмыс істеп, білім алуда. Олар жас мамандарды даярлап қана қоймай, өз білімдерін жетілдіріп, ғылыми жұмыстар жүргізіп, кәсіби жетістіктерге жетіп, қоғамдық жұмыстармен де белсенді айналысуда.

 

Оқу орнымыздың дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз, білім мен ғылым, оқу мен шығармашылық саласындағы жетістіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біз Сіздерді жоғары бағалаймыз және кәсіби құзіреттіліктің, парасаттылық пен адамгершіліктің, педагогикалық мамандыққа адалдықтың жоғары үлгісін көрсетіп отырғандарыңызды мақтан тұтамыз. Сіздер қызметте мейірімділік, сүйіспеншілік пен келісім, ұжымдық ортаны қалыптастырасыздар - біздің қоғам, әсіресе, жастар қазір бұған өте мұқтаж.

 

Университет басшылығы әйелдер қауымының және аруларымыздың университетімізде жұмыс істеуіне және оқуына қолайлы болуы үшін барлық жағдай жасауда. Біз, ерлер қауымы, әрқашан жандарыңызда болуға, идеяларыңызды қолдауға және қиын сәттерде көмектесуге дайынбыз. Өмірлеріңіз тек жағымды сәттерге толы болсын.

 

Баршаңызға зор денсаулық, жылулық, отбасында амандық, оқуда және еңбек жолында табыс, ең бастысы - махаббат тілеймін!

 

 

Құрметпен, ректор Дархан Біләлов