қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
01.03.2022

Мақсат Жақау, Абай атындағы ҚАЗҰПУ аға оқытушысы: AMANATТЫҢ құны өте жоғары...

 


 

Не верьте словам ни своим, ни чужим,


верьте только делам и своим, и чужим...


Лев Толстой

 

Егер адам адамға сенбесе, оның хайуанның қай жері артық? Адамзат осы дүниеге келгелі бір-біріне сенім артып, өз өмірін аманатқа тапсырып бірікті, қорғанды, тіршілік жасады. Қазақтың ұғымындағы аманат осы сенімге риясыз сенуге бейім. Сенім бұзылған тұста қылдай айырылысты, ол аманаттың қиянатқа айналғаны болатын...

 

Сонымен, көптен күткен өзгерістердің басты жаңалығы басты партия - кешегі Nur Otan-ның кезектен тыс ХХІІ сьезінде бүгінгі АMANAT партиясының қайта түлеуімен жалғасты. Қоғамның әрбір екіншісі филолог хәм фәлсафашы болып партияның атауын тәржімалап кетті. Дұрыс, мәселе кеменің атын қалай қойғанында болып тұр ғой. Халықтың сенімін оятуға жанды жерінен ұстайтын ауыр ұғымды білдіретін «аманат» сөзі расымен ерекше таңдап алынған.

 

AMANAT-тың ұғымы саяси тарихта та таңсық емес.

 

Есімізде болса, Түркияда Мұстафа Кемальдың тұсында 1923 жылы құрылған республикалық халықтық партиясы, кейін ең ежелгі басты партия ретінде қоғамда қайта түледі. Партия кемализмнің жарқын идеологиясын жаңа заманға бейімдеу үшін, 1967 жылы жаңа бағытта халықтың сенімін ақтауда «Сенім партиясы» яғни Güven Partisi болып жаңарды.

 

Ал Индонезияда 1998 жылы Амиен Раистың құруымен «Ұлттық Аманат партиясы» (Partai Amanat Nasional) құрылды.

 

Алысқа кетпей-ақ, мына Украинада 2020 жылы «Доверия» яғни Сенім, Аманат атты саяси партиясы, артынша депутаттық тобы жасақталды.

 

Бір сөзбен айтқанда, саясатта сенімге, мандатқа, аманатқа ие болу атына да, затына да байланысты екенін көрсетеді.


Партияның сьезінде шешілген атаудан өзге, алдағы уақыттағы бағыт-бағдарлары да біраз айқындалыпты. Әрине, партия Төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толық жүзеге асыруда "аманаттықтардың" белді бекем буып кіріспекке дайындығын аңғару қиындық туғызбады. Оны еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 393 делегаттың екпінінен байқалды.

 

Арасында Мәжіліс, мәслихат депутаттары, жергілікті қоғамдық кеңестерінің белсенді мүшелері даурықпа мақтау сөзден гөрі прагматикалық көзқарастарын ортаға салып, ұсыныстарын қарша жаудырғанынан, партия билігінде саяси ренесансының орнағанындай сезім қалдырды.

 

Халық арасында түрлі ой-пікірлер айтылып жатыр ғой, ол да заңдылық. Тіл-көзден сақтасын деп, тақымын қысқан көзі төртеу болған қоғамның АMANAT-тың келешегіне қарабайыр үмітін үзіле жалғап отырғаны да анық. Өйткені, сенімнің хәм аманаттың құны өте жоғары! "Айтылған сөз - атылған оқ" деген бар, АMANAT-тың сөзінен гөрі ісі маңызды халыққа.

 

Үмітсіз шайтан...

 

01.03.2022 г.

Источник: almaty-akshamy.kz