қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.11.2011

Ұзартқың келсе ғұмырды, таста, арақ пен шылымды! - демекші қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселелердің бірі. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жастар арасында көп кездесетіні баршамызға мәлім. Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған құмарпаздық дерті - үйреніскен темекіден қалай құтылуға болады? Міне осы мәселе төңірегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті химия биология факультетінің профессоры Ш.А. Балғынбековтың және қоғамдық студент жастарымен бірлесіп ұйымдастырылған «Таза ауа Азиада - 2011» Жастар таза ауа үшін темекіге қарсы....! деген тақырыпта Алматы қаласындағы арнайы мамандандырылған «Жанұя» балалар үйінде темекіге қарсы үгіт-насихат кеші өткізілді. Кеш балаларға арналған қайырымдылық акциясымен жалғасты.